Сегизбаева Нургуль Лесалиевна
Лауазымы:Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Балауса» бөбекжай- бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын меңгерушісі
Жалпы еңбек өтілі: 26 жыл
Меңгерушілік еңбек өтілі: 15жыл
Қазіргі лауазымға тағайындалған күні: 14.06.2024жыл
Сегизбаева Нургуль Лесалиевна 1977 жылы 28 сәуірде Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлтоған ауылында дүниеге келген.
1983 жылы Көлтоған аулындағы №8 Лермонтов атындағы орта мектебінің
1 сыныбына барып, 1993 жылы осы аталған мектебін үздік аттестатпен бітірді.
1993 жылы Жамбыл қаласындағы Жамбыл педагогтік институтына түсіп, 1997жылы Жамбыл университетінің толық курсын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алған.
2013 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі берілді.
2015 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілді.
Еңбек жолы: Тараз қаласы, 1997 жылдың қыркүйек айынан бастап М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі .
-2005 жылы аталған мектепте директордың әдістемелік орынбасары
- 2009 жылы 2 қыркүйектен бастап Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№5 «Ақ желкен» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына меңгеруші
- 2022 жылдың 16 маусымынан бастап «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен
№5 «Ақ желкен» бөбекжай-бақшасынан №2 «Айсұлу» бөбекжай-бақшасына ауыстыру тәртібімен меңгеруші
- Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Балауса» бөбекжай- бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын меңгеруші
Кәсіби біліктілік курсы:
Біліктілік санаты: 2024жылғы 4 қыркүйекте бөбекжай- бақша меңгеруші лауазымы бойынша аттестаттау комиссиясының шешімімен көшбасшы бірінші біліктілік санатын алды.
2022 жылы Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және қызметтегі жемісті еңбегі үшін Жамбыл облысының әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2019 жылы Тараз қаласының қоғамдық өміріне белсене атсалысып, еңбек жолында қол жеткізген елеулі жетістіктері үшін және Жамбыл облыстық қазақ драма театрында өтетін білім саласындағы қызметкерлердің педагогикалық кеңесіне орай Тараз қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2019 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі жетістіктері үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
2019 жылы Білім беру жүйесінің дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі жеке үлесі және Тараз қаласының қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2022 жылы «Аманат» партиясының бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан үлесі және білім саласындағы жемісті еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
2019 жылы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу –әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Жаңашыл балабақша» атты облыстық, байқауына қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2019 жылы Тараз қаласы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен қалалық «Жаңашыл балабақша» байқауында қатысып жүлделі І орынды иеленді.
2022 жылы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа моделін іске асыру: мазмұнды жаңғырту» атты облыстық педагогикалық оқулардың І дәрежелі жеңімпаз дипломымен марапатталды.
2022 жылы «Мектепке дейінгі үздік ұйым-2022» атты облыстық байқауының
ІІІ дәрежелі жеңімпаз дипломымен марапатталды.
2023 жылы «Мектепке дейінгі білім берудің жаңғырту: тәжірибесі және болашағы» атты облыстық педагогикалық оқулардың ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
2022 жылы Республикалық «Білім берудің мазмұндық және цифрлық трансформациясы жағдайындағы өңірлік әдістемелік қызмет» тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинар аясында өткізілген «Тараз көктемі-2022» фитодизайн көрмесіне ұсынған үздік шығармашылық жұмысы үшін Бас жүлде дипломымен марапатталды. 2022 жылы Облыстық «Ұстазға сый...» атты фитодизайн көрмесіне үздік шығармашылық жұмысы үшін Бас жүлде дипломымен марапатталды.
2023 жылы Облыстық «Ұстазға сый...» атты фитодизайн көрмесіне үздік шығармашылық жұмысы үшін Бас жүлде дипломымен марапатталды.
2023 жылы Облыстық «Жүрегімді балаларға арнаймын» атты фестивалінің ІІІ дәрежелі жеңімпазы дипломымен марапатталды.
2021жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогоикалық шеберлік орталығы әзірленген «Мектепке дейінгі ұйымды басқарудың тиімді менеджменті» мектепке дейінгі ұйым басшыларының біліктілігін арттыру курсы бойынша сертификатын алды.
2021 жылы Ы:Алтынсарин атындағы ҰБА «Алтынсарин курстарның» сессия бағдарламасы бойыншат ҚР педагогтарының біліктілігін арттыруда «Білім берудегі менеджмент» курс сертификатын алды.
2022 жылы Республикалық «Мектепке дейінгі білім беру үздіксіз педагогикалық білім берудің бірінші деңгейі ретінде: инновациялық идеялар, модельдер және перспективалар» форумына қатысқаны үшін сертификат берілді.Атырау қаласы
2023 жылы Тоғызқұмалақ қазақ ұлттық ойын қауымдастығы қоғамдық бірлестігі әзірлеген «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқытуда Бестемше ұлттық ойынын үйретудің әдістемелік ерекшеліктері» атты тәжірибелік біліктілік жинағы үшін сертификатын алды.
2023 жылы «Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды қолдануда ұлттық ойындардың маңыздылығы» тақырыбында обылыстық шебер-сыныпта өз іс-тәжірибесін бөлісіп, сертификат пен Алғыс хатпен марапатталды.
2024 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мектепке дейінгі ұйымды басқарудың педагогикалық менеджменті» біліктік арттыру курс сертификатын алды.
«Ұлы дала ұрпақтарының ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда асық терапиясын пайдалану» атты ӘОЖ 373 КБК 74.268 М 11 Халықаралық стандарттық негізінде және «Әжемнің мектебі» атты авторлық бағдарламалары бойынша бірнеше мақалалары жарияланды.
2018жылы «Бала мен балабақша» Республикалық педагогикалық журнал №10,
«Ұрпақ тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың рөлі», Мектепке дейінгі мекемеде асық методикасын пайдаланудың тиімділігі» атты мақаласы жарияланды.
2021 жылы «Бала мен балабақша» Республикалық педагогикалық журналы №10, «Ата-ананың бала тәрбиесіндегі атқаратын рөлі» атты мақаласы жарияланған.
2021жылы «Ғылым жолы» Республикалық журналы, №3-2, «Тәрбие әдістерін тиімді пайдалану» тақырыбында мақала жарық көрді..
2023 жылы«Бала мен балабақша» Республикалық педагогикалық журналы №3, «Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбие берудің маңызы» атты мақала жарияланды.
2024 жылы«Бала мен балабақша» Республикалық педагогикалық журналы №9, «Ұлттық құндылықтар- тәрбиенің түп қазығы» атты мақала жарияланды.
Қазақта: «Қуантсаң баланы қуант» деген аталы сөз бар. Жас жеткеншектерге жігер сыйлап, олардың ұлттық мұрамен шұғылдануына жағдай жасап, 2018 жылы № 5 «Ақ желкен» бөбекжай-бақшасында алғаш болып «Асық – ұлттық қазынамыз», №2 «Айсұлу» бөбекжай-бақшасында «Асық-тәрбие құралы», «Бестемше» орталықтарын ұйымдастырылды.
Жас ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып, балабақшаның оқу-тәрбие үрдісінің заманауи талаптарға сай қалыптасуына ықпал етіп, ұжымның және ата-аналар қауымымен тығыз байланыста. Сондықтан тәрбиешілердің балабақшадағы педагогикалық жұмыстарды отбасымен тығыз бірлікте қарастыруының маңызы зор.
Заман талабына сай туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу, балабақшаға жаңа инновациялық технологияларды енгізу және оларды дамытуға жеке тұлғаның жан-жақты дамуына ыңғайлы жағдай жасауды өз алдына мақсат етіп қойды.
Тұрмыс құрған. Үш баланың анасы.