Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Балауса"бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Басшы :
8(72637) 24-1-77
Әдіскер :
+77713017504
Нашар көрушілер
нұсқасы
Іс-шара:  "Ауылдың алты ауызы"
28
февраль
2025
Іс-шара: "Ауылдың алты ауызы"
Музыка жетекшсі: А.Маткалыкова "Әжелер мектебін" "Ауылдың алты ауызы" атты іс-шара түрінде өткізді. Әжелермізге тарту ретінде халық әні  "Тобылғысайды" орындап берді. Асылхан, Нағима, Гүлзабира әжелерімізде халық әндерін шырқай отырып ұйымдастырлыған іс-шараны өлеңдерімен өрнектеді. 
Әжемнің ертегісі "Арыстан мен түлкі"
20
февраль
2025
Әжемнің ертегісі "Арыстан мен түлкі"
"Әжелер мектебі". Әжемнің ертегісі: "Арыстан мен түлкі" . Балаларды ертегі тыңдауға , мән-мағынасын түсінуге баулу, адамгершілік пен батылдыққа, мейрімділікпен достыққа тәрбиелеу.
Ертегі: "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?"
04
декабрь
2024
Ертегі: "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?"
 "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?" атты ертегіні  Сәрсекүл әжеміз мектепалды тобының балаларына оқып берді. Әжеміз ертегі мазмұнын балаларға байыппен, мәнді етіп әңгімеледі. Балалар ертегіден құстарға жанашырлық танытуды үйренді. 
Тәжірибе алмасу: «Асыл әже» жас аналарға әжелерден қыз тәрбиесінде кеңестер
20
ноябрь
2024
Тәжірибе алмасу: «Асыл әже» жас аналарға әжелерден қыз тәрбиесінде
Әжелерімізбен біріге отырып «Асыл әже» жас аналарға әжелерден қыз тәрбиесі туралы  кеңес алып тәжірибе алмастық. Бұл жердегі негізгі міндетіміз салт-дәстүрді сақтай отырып  өскелең ұрпақты тәрбиелеу. "Тәрбие -тал бесіктен" демекші, қыз бала тәрбиесіне аса көңіл бөлу.
"Ұлттық ойындар шеруі"
21
октябрь
2024
"Ұлттық ойындар шеруі"
Сайыс: "Ұлттық ойындар шеруі"  Тәрбиешілер арасында өткен ойын өте тартысты өтті. қатысушылар күшті екенін, ептілігін қарсыластарына дәлелдеді. Ұлттық ойындарымыздың денсаулыққа пайдас зор екенін түсініп, мықты команда жеңіске жетті.
"Әжелер мектебі"
11
октябрь
2024
"Әжелер мектебі"
Балабақшамызда жоспарға сай "Әжелер мектебі" құрылып алғашқы тұсауы кесілді. Әжелеріміз 2024-2025 оқу жылына арналып жасалған жұмыс жоспарымен танысты. Шығармашылық топтың ұйымдастыруымен құрылған "Әжелер мектебіне" қатысушы әжелеріміз қыз балаға арналған шашбау  тарихын ала келді . Шаштың күтіміне , шашбаудың қасиетіне тоқталды. шашты өру үлгісін көрсетеіп , шашқа шашбау тағу құпиясымен бөлісті.
Тақырыпты сабақ: "30 тамыз Ата заң күні"
29
август
2024
Тақырыпты сабақ: "30 тамыз Ата заң күні"
Тақырыпты сабақ: "30 тамыз Ата заң күні" Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.